"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылға Бұйрық ҰБТ өткізу туралы

20.01.2021

№ исх: 19   от: 15.01.2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

 

МИНИСТЕРСТВО

ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

БҰЙРЫҚ

 

 

ПРИКАЗ

 

                                                                 

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

 

2021 жылғы 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу үшін мемлекеттік және Республикалық апелляциялық комиссиялардың құрамдарын, тестілеу администраторлары мен программистерінің және апелляциялық комиссиялар төрағаларының тізімін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы              2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар)  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:
  1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың құрамы;
  2. осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2021 жылы ҰБТ-ның бірыңғай талаптарын сақтау және жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – ЖОО) түсушілердің даулы мәселелерін шешу жөніндегі республикалық апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – РАК) құрамы;
  3. осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ҰБТ өткізу үшін тестілеу администраторлары мен программистерінің, апелляциялық комиссиялар төрағаларының тізімі бекітілсін.
  1. Тестілеу администраторлары, апелляциялық комиссиялардың төрағалары ҰБТ-ны өткізу үшін 15 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) ҰБТ өткізу қорытындылары, сондай-ақ Қағидаларда көзделген қабылданған шаралар туралы есепті ұсынсын.
  2. Мемлекеттік комиссиялардың төрағалары:
  1. мемлекеттік комиссия мүшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен, ЖОО-лар мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен және Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, тестілеу администраторларының, тестіленушілердің және ҰБТ-ны ұйымдастыруға және өткізуге тартылған адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етсін және санитариялық-профилактикалық шаралар жүргізсін және ҰБТӨП-ті баррикалдық ленталармен, зарарсыздандыру туннельдерімен, бактерицидті шамдар және (немесе) ауаны қайта айналдырушымен, зарарсыздандыру ерітінділермен, тепловизорлармен, санитайзерлермен, аяқ-киімдерге арналған зарарсыздандыру кілемшелерімен, қолданылған маскаларға арналған жәшіктермен және қолданылған маскаларды жоюмен қамтамасыз етсін;
  2. әр лектен кейін дезинфекция шараларын ұйымдастырсын; аудиториялардың санитариялық-медициналық үйлесімділігін және аудиториялар бойынша ҰБТ кезінде пайдаланылатын ұялы байланыс сигналдарын тұншықтыру құралдарының электромагниттік өрісін өлшеу хаттамасын алуды қамтамасыз етсін;
  3. медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырсын;
  4. ҰБТ нәтижелерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұялы байланыс сигналдарын басқыштарды, металл іздегіштерді және бейнебақылау камераларын пайдалануды ұйымдастырсын;
  5. тестілеу процесін бейнебақылауды және онлайн-трансляциялауды ұйымдастырсын;
  6. техникалық құралдардың үздіксіз және сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз етсін;
  7. аудиториялар мен дәліздер бойынша кезекшілердің тізімін бекітсін, сондай-ақ ҰБТ технологиялары бойынша кезекшілермен нұсқаулық өткізуді ұйымдастырсын;
  8. апелляциялық комиссиялар мүшелерінің тізімін бекітсін және ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жоғары оқу орындарына түсушілердің апелляцияларын қарау кезінде апелляциялық комиссия үшін жұмыс жағдайларын қамтамасыз етсін;
  9. ҰБТ өткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етсін.
  1. Ұлттық тестілеу орталығы (Д.Н. Смағұлов):
  1. Тестілеу администраторлары мен программистерін, апелляциялық комиссиялар төрағаларын ҰБТ өткізетін пункттерге бөлуді және жіберуді ұйымдастырсын;
  2. Тестілеу администраторлары мен программистерінің, апелляциялық комиссиялар төрағаларының шартқа орындалған жұмыстар актісі бойынша Ұлттық тестілеу орталығының бюджеттен тыс қаражатынан іссапар шығыстарын төлеуді және еңбекақы төлеуді қамтамасыз етсін;
  3. РАК мүшелерінің жұмысына жағдай жасасын;
  4. РАК мүшелерінің еңбекақысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҰТО-ның бюджеттен тыс қаражатынан төлесін;
  5. 2021 жылғы 9 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ҰБТ-ның нәтижелері туралы қорытынды есепті ұсынсын.
  6. ЖОО-лар профессорлық-оқытушылық құрамнан ұсынылған, ҰБТ өткізу кезінде тестілеу администраторлары мен программистері, апелляциялық комиссия төрағалары ретінде жұмыс істейтін қызметкерлерді ҰБТ өткізу пункттеріне іссапарға жіберсін.
  1. Министрліктің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г.І. Көбенова) бақылаушы ретінде қатысушы қызметкерлердің ҰБТ өткізетін пункттерге уақытында келуін қамтамасыз етсін.
  2. Білім беру ұйымдары осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  3. Министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (А.Ж. Тойбаев), Мектепке дейінгі және орта білім комитеті                        (М. Мелдебекова) осы бұйрықты ЖОО-лардың  және облыстардың,                           Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының  назарына жеткізсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

       Қазақстан Республикасы

  Білім және ғылым министрінің

            міндетін атқарушы                                                      А. Аймағамбетов

 

Результаты согласования
15.01.2021 16:19:20: Тойбаев А. Ж. (Департамент высшего и послевузовского образования) - - cогласовано без замечаний
 

Просмотров: 4103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст