Текст
Үздік өңірлік ұйым
2018 жылдың 14-16 мамыр күндері Ақмола облысы білім басқармасы және «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту мәселелері бойынша «Ұланымыз ұлы елдің!» облыстық форум өтті. Аталған шарада тәрбие жұмысының әдіскері Абуов Руслан Ғалымұлы бастап барған Біржан сал ауданының «Білім бөлімі» ММ «Үздік өңірлік ұйым» атағына ие болды. Ауданымыздың тұрғындарын бүгінгі жеңіспен құттықтаймыз!