29 қаңтар күні «Абай» клубының жоспарына сай «Үздік Абайтанушы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шараның мақсаты: ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер беру, оқыған шығармаларын еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету, өлеңнің мағынасын жан-жақты түсіндіру. Дөңгелек үстел оқушылардың білім-біліктерін қорытындылау мақсатында екі айналыммен өтті. 1-айналым «Суреттер сөйлейді» берілген суреттер бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. 2-айналым «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» әр оқушы қойылған сұраққа тез жауап берді. Іс шара барысында мектеп кітапханашысы Казыбаева Гүлжан Куанышевна өзінің дайындаған көрмесімен оқушыларды таныстырып, «Абай жолы» романын оқуға ұсыныс жасады, Абай атамыздың қара сөздері әр адамның санасына терең сіңіп, оқырманына терең ой береді және де қара сөздер қойын дәптеріне айналу керек. Оқушылар барлық тапсырмаларды орындауда жауапкершілік танытты.