Текст
Бүгін "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кекенова Анар Сембаевна қызметтік іссапармен Тасшалқар, Андықожа батыр, Аңғал батыр ауылдарындағы жалпы орта білім беретін мектептерге барды. Аталған елді-мекендердегі білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігімен танысты. Мектеп директорларымен өзекті мәселелер бойынша ақылдасып, бірқатар шешімдер қабылданды. Андықожа батыр ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жұмысын жүргізу қажеттігі жайлы сөз қозғалса, Аңғал батыр ауылындағы жалпы орта білім беретін мектептің директорына мектепте мұражай ашу жайлы ұсыныс берілді.