Текст
22021 жылдың 02 наурызында Біржан сал ауданының "Білім бөлімі" ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жауапты тұлғалардың қатысуымен ZOOM платформасы арқылы Online Mektep білім беру платформасын қолдау бойынша оқыту семинарын өткізді. Аталған семинарда білім бөлімінің әдіскері және мектеп директорларының орынбасарлары (№1 ОМ, Абай ат. №2 ОМ, Макинка және Казгородок) қатысты. Сыныптарды қалыптастыру және сынып жетекшілерін тағайындау, кесте құру және платформаның көмегімен бейне сабақты қарау, сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың статистика бөліміне баруын бақылау туралы көрнекі түрде көрсетілді.