"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

31.01.2025

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды   жастарды анықтай мен қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Жарқын  болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі  Степняк қаласының Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі базасында болып өтті. Аталған білім додасы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау және оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Олимпиаданың облыстық кезеңіне Ережеге сәйкес аудандық (қалалық) кезеңде жеңімпаз атанған қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері)  7–11-сынып оқушылары, жалпы саны 64 оқушы қатысты.  «Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша байқауды қамтиды: «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу); «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс); «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс), «Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу); «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту). Олимпиаданың жеңімпаздары  аудандық білім бөлімі басшысының  Алғыс хаттарымен марапатталды. Облыстық  кезеңге  аудандық кезеңде  І орын алған оқушылар жолдама алады. Облыстық  білім бәйгесіне қатысып, аудан намысын қорғайтын оқушыларымызға  сәттілік тілейміз!

Просмотров: 1090


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст