Қазақстан Республикасы Оқу-ағарты министрлігінің «Дарын» ресрубликалық ғылыми-практикалық орталығының «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» Республикалық педагогогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі болып өтті. Олимпиаданың негізгі міндеті- жас педагогтарды оқу-тәрбие үрдісінде инновацияларды іздеу жәнеі іске асыруға ынталандыру, жас мамандардың педагогикалық қызметін талдау және өзін-өзі жетілдіру, олардың шығармашылық қабілеттерін және белсенді кәсіби позициясын дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Аудан мектептерінің жас мамандары қатысып, бақтарын сынады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша І орын- Степняк қаласы Абай атындағы №2 ЖОББМ-нің физика пәнінің мұғалімі Самат Еркежан, ІІ орын- Еңбекшілдер ауылының математика пәнінің мұғалімі Бейбитханқызы Шаттықнұр, ІІІ орынды - Р.Елебаев атындағы Құдықағаш ауылының ЖОББМ-нің ағылшын тілі мұғалімі Изахметова Айғаным Серікқызы мен Макинка ауылының ЖОББМ-нің бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Марат Үмм Гүлсін бөлісті. Олимпиадаға қатысқан басқа да үміткерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.