Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы орта білім беретін 7-11 сынып оқушылары арасында «Мұқағали Мақатаев» республикалық оқуларының аудандық кезеңі 2025 жылдың 7 ақпаны күні Степняк қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылды. Байқау 3 номинация бойынша өтіп, әділқазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер келесідей анықталды: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша: І орын-Иманшарт Оразбек, Мамай ауылының НОМ-нің 7-сынып оқушысы; ІІ орын-Айтмұқанбет Жанерке, Мақпал ауылының НОМ-нің 7-сынып оқушысы; ІІІ орын- Нұрбақытқызы Аяулым, Тасшалқар ауылының ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы; Белсене қатысқаны үшін; Жанабай Ділназ, Қызылұйым ауылының НОМ-нің 8-сынып оқушысы. «Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша:І орын- Смағұл Нұрсұлтан, Ш.Қосшығұлов атындағы Қоғам ауылының 8-сыныпы оқушысы; ІІ орын- Кенжебаев Диас, Р.Елебаев атындағы Құдықағаш ауылының ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы; ІІІ орын- Қадырбек Айғаным, Қызылұйым ауылының НОМ-нің 8-сынып оқушысы; «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды». І орын- Байтан Айнұр, Тасшалқар ауылының ЖОББМ-нің 8-сыныпы оқушысы; ІІ орын-Абушахманова Аяжан, Р.Елебаев атындағы Құдықағаш ауылының ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы; ІІІ орын-Ермұрат Әбдінұр, Мамай ауылының НОМ-нің 7-сынып оқушысы; Белсене қатысқаны үшін:Қайркеш Жансерік, Қызылұйым ауылының НОМ-нің 9-сынып оқушысы. Облыстық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!