"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мифы о наркомании

08.06.2018

Аудан мектептерінде нашақорлықты алдын алу бойынша білімді тұрақты жетілдіру мақсатында түрлі ойындар, әңгімелер, сұрақ - жауап сайысы, тест тапсырмалары, сынып сағаттары өткізілді.

Желтоқсан айында  мектептер бойынша АҚТҚ/ЖҚТБ ауруларының алдын алу бағыттарында айлық жоспары бекітіліп, әр түрлі мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. «Нашақорлық жан ымырты», «СПИД-ғасыр дерті» атты кітап көрмесе ұйымдастырылды. 6-9 сыныптар арасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты КВН өтті. Мектеп психологтары 5-9  сынып оқушылар  арасында «Мифы о наркомании» атты дөңгелек үстел өткізілді. Тәрбие ісінің меңгерушілері «Нашақорлар өмірінен бір үздік сыр» видеоролик көрсетілді. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылып, зиянды әрекеттерді жек көруі олардың басқа адамдармен қарым- қатынасына, яғни әлеуметтік ортаға байланысты. Химия және биология пәнінің мұғалімдері ұйымдастыруымен «Первое богатство- это здоровья» атты ата-аналар арасында сайыс өткізілді және  «Нашақорлық- қоғам дерті» атты пікірталас өтті.

Бастауыш сыныптар арасында «Ойнайық та, ойланайық», «Денсаулық кілті» командалық жарыс өткізілді. Дене шынықтыру  мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Біз спортты тандаймыз», «Денсаулық күндері, жел аяқтар күндері» ойын сайыстарын өткізді. Денсаулық- әрбір адам бақытының негізгі компоненті.

Сонымен қатар мектеп психологтары мен медицина қызметкерлерімен ЖҚТБ, нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікке қарсы анкета, тест сауалнама, диктанттар алу және  денсаулық жөнінде кеңестер берді.

 

 

Орын.: З.Сеитова

Тел.: 8(71639) 2-16-20

Просмотров: 1117


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст