2025 жылдың 5 наурызы күні «Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі: заманауи тәсілдер мен әдістер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық әдістемелік семинар болып өтті. Семинар барысында 6-сынып оқушыларымен О.Бөкейдің «Тортай мінген ақ бол ат» әңгімесі бойынша Тортайдың арманы (мұғалімі: Б.Қ.Искакова), 8-сыныпта Д.Исабековтің «Әпке» драмасы, Бауырмалдық тақырыбында (мұғалімі: Н.А.Уразова) тәжірибе алмасу сабақтарын көрсетті. Ұстаздар «Тағлым мен тағзым» жобасы, «Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңв бағыт» семинар-практикумдарымен бөлісті.
Семинардың соңы мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасы мен аудан мектептерінің мұғалімдерінің пікір алмасуымен жалғасты. Мұғалімдер қауымы мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымына алғыстарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Семинар завершила методист методического кабинета районного отдела образования Искакова Г.А., которая дала положительную оценку.