Текст
31 мамыр мен 3 маусым аралығында Ақмола облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында шахматтан қашықтық турнир өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында шахматты одан әрі танымал ету. Турнир қорытындысы бойынша біздің ауданнан Еңбекшілдер ауылының 3 сынып оқушысы Хамина Алина және Яблоновка ауылынаң 5 сынып оқушысы Баймулдина Дильназ III жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздар грамотамен, медальмен және естелік сыйлықпен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!