Текст
2021 жылдың 14 маусымы аудан мектептерінің 11 сынып түлектері үшін ерекше күн болды. Аудан әкімдігінің қалалық алаңында аудан әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы мектептің 12 "Алтын белгі" төсбелгісі иегеріне және оқуды үздік бітіргені туралы аттестатты табыс етті. Аудан әкімі өз сөзінде барлық түлектерге жылы лебіздерін білдірді: "Біздің еліміздің болашағы-Сіздердің қолдарыңызда. Болашақта сіздер мемлекетіміздің одан әрі көркейтілуіне өз үлестеріңізді қосасыздар деп үміттенеміз. Сіздерге сапалы білім берген мұғалімдерге мың алғыс. Сіздерге ақ жол тілейміз!».