Текст
14 қыркүйек күні Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 11- сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Олимпиаданың басты мақсаты: жаратылыстану-математикалық бағытта дарынды оқушыларды анықтап,оларға қолдау көрсету,олбыстық кезеңге дайындау болып табылады. Аудандық кезеңнің жеңімпаздары: Уразбай Мақсат, Токенова Анжела-№2 орта мектебінің ,Балташ Асыл-Аңғал батыр ауылындағы орта мектебі, Сұңғат Гүлназ- Сәуле ауылының Ш.Әлжанов атындағы орта мектебінің 11- сынып оқушылары, «Алтын белгі» үміткерлері.Ауданның намысын қорғайтын оқушыларға сәттілік тілейміз!