Текст
23 қыркүйек күні Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауданымызда Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тарих білгірі» атты Квест ойыны өткізілді. Аудандық бес мектеп қатысты. Әр командада 3 қатысушысы болып,Қазақстанр тарихы пәнінен өз білімдерін айқындады. Ойын барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауа астында өтті. Оқушылар қауымы қызыға қатысып, тәлімі мен ақпаратқа толы күн болды. Жалпы есеппен Кенащы ЖОББМ нің «Ұшқын» тобы 1 орын, Үлгі аулының ЖОББМ «Жалын» тобы 2 орын, Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле ЖОББМнің «Алаш» тобы 3 орын иеленді.