Біржан сал ауданы бойынша 27 мектеп бар. Барлық білім беру ұйымдары бойынша ашық сабақтармен сынып сағаттары өткізілді. Пандемияға байланысты санитарлық талаптарға сай болды. Бірінші сабақ қалалық №1 қалалық жалпы орта білім беретін мектебінен Қазақстан тарихы пәні бойынша З.А.Абдрахманова 8 сынып оқушыларымен, 2 сабақ-Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінен Қазақстан тарихы пәні сабағын Маухан Ардагүл 6 сынып оқушыларымен, Аңдықожа батыр аулының жалпы орта білім беретін мектебі бойынша Аскербек Нурасыл 7 сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. Сабақтар қызықты әрі заманауи техниканы пайдалану арқылы болды. Ұстаздар қатысушыларды жаңашылдықтарымен тәнті қылдырды. Аудан бойынша барлық мектептерде «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерге жарияланды.