Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы 28 қыркүйекте барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Біржан сал ауданының білім бөлімі Степняк қаласында "Жеңіс "балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы" МКҚК базасында "Бес асық" және "Асық ату" ұлттық ойын түрі бойынша аудандық спартакиада өткізді. "Бес асық" және "Асық ату" оффлайн турниріне 1-4, 5-6, 7-8 және 9-11 сыныптардың төрт жас санаты бойынша ауданның 15 жалпы білім беретін мектебі қатысты. Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық ойындарға деген қызығушылықты ояту, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, әділеттілікке баулу арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеу және ұлттық спортты насихаттау. "Бес асық" және "Асық ату"жарыстарының қорытындысы бойынша, Қоғам ауылы Ш. Қосшығұлова атындағы ЖОМ I орын алды, Сәуле ауылының Ш. Әлжанова атындағы ЖОМ II орын алды, Андықожа батыр ауылы ЖОМ ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, жеке сынақтың жеңімпаздары грамоталармен және медальдармен марапатталды. Жоғарыда аталған мектептер құрмет грамоталарымен, медальмен және кубоктармен марапатталды.