Текст
1-қараша күні дарынды балалармен жұмыс жасау мақсатында ауыл оқушыларын қолдау мақсатында ауыл IQANAT олимпиадасы өткізілді. Ауданнан 17 мектептің 86 оқушысы қатысып, өз бақтарын сынады. Олимпиада Степняк қаласының #1 ЖОББМ өтті. Күзгі демалыстың алғашқы күні осындай керемет іс шараны өткізіп, ұйымдастырған мектеп ұжымына алғыс білдіреміз. Кездесу барысында облыстық оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері Дударева Марина Александровна нұсқаулықпен таныстырып, биылғы олимпиада жеңімпаздарымен таныстырды.