24 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Көкшетау қаласында «Тәуелсіздігім –тұғырым» атты тақырыпта "Ақмола жұлдыздары" көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының Гала-концерті өтті. Біздің цирк студиясы белсенді қатысқаны үшін бағалы сыилық, диплом және сертификатпен марапатталды. Біздің студиямыздың қойылымы шынымен көпшілікті таң қалдырды. Ол көрермендерді ғана емес, қазылар алқасының мүшелерінің де көңілінен шықты. Жас гимнасттар үлкен сахнада өте сенімді болды және дайындықтың жоғары деңгейін көрсете отырып, өте лайықты өнер көрсетті. Бұл үлкен жетістік, ол үлкен еңбекпен және өз таланттары мен дағдыларын көрсетуге деген құштарлықпен қол жеткізіледі. Балаларға өнерлері мен үлкен еңбекқорлығы үшін және студия жетекшісі А.В.Литовченкоға алғысымыз шексіз! Оларға зор денсаулық, табыс және жаңа ғана басталған өмір жолында көптеген жеңістер тілейміз.