Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі ресурстық орталығының аймақтық семинар бойынша есебі
2019 жылдың 01 наурызы күні ресурстық орталықтардың жұмысын жүйелеу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі ресурстық орталығы базасында « Ресурстық орталық: білім мен тірбие беру ортасы» тақырыбында облыстық-аймақтық семинары болып өтті. Семинарға Буланды, Бурабай, Зеренді және Біржан сал аудандарының ресурстық мектептері мен магнитті мектептерінің директорлары қатысты. Семинар барысында Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің мұғалімдері тарапынан 6 ашық сабақ көрсетілді. Сабақтар алгебра, геометрия, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, химия және биология пәндерінен ұйымдастырылды. Сабақ барысында мұғалімдер магнитті мектептердің оқушыларына бейіндік бағыт беру және ауыл мектептерінде жоқ мүмкіндіктерді көрсету аясында жұмыс жүргізілді. Сабақтар аяқталғаннан кейін аталған мектептің өнерлі балаларының қатысуымен шағын концерттік бағдарлама көрсетілді.
Содан соң жиналған қонақтармен бірге ауданның оқу өндірістік камбинатының жұмысымен таныстыру саяхаты ұйымдастырылды. Оқу өндірістік камбинатының директоры И.Е.Магерко сондағы үйірмелердің, қосымша мамандыққа бағытталған сабақтардың жұмыс барысымен таныстырып шықты. Мұндағы мақсатымыз магнитті мектептердің оқушыларына қосымша білім беруге де мүмкіндігіміздің бар екендігін көрсет болатын. Семинар соңында Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінің жұмысымен таныстыру өткізіліп, аудандық балалар оркестрінің концерттік бағдарламасы көрсетілді. Осы мектепте семинар қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ресурстық орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде көрсетілген ашық сабақтар мен ұйымдастырылған барлық іс-шараларға жоғары баға беріліп, қорытынды жасалды.