2019 жылы 7 наурыз күні Біржан сал ауданының Казгородок орта мектебінде білім беру ұйымдары директорларының кезектен тыс кеңесі өтті. Кеңесте қаралған негізгі сұрақ 2018 жылдың қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою жолдары. Білім бөлімінің бас маманы Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы білім сапасына тоқтала келе жыл соңында барлық мектептердің білім сапасын арттыруды нықтап тапсырды. Кезегімен сөз сөйлеген мамандар мен әдіскерлер білім және тәрбие жұмыстары бойынша шұғыл қолға алатын бағыттарды атап көрсетті. Кеңестің жұмысын қорытындылаған білім бөлімінің басшысы Абдикенов Руслан Қазбекұлы мектеп директорларына бірінші кезекте "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы жұмыстарға аса мән беруді және ғылыми жобалармен айналысуды атап көрсетіп, алдағы уақытта болатын ғылыми - практикалық, шығармашылық конкурстарға белсене қатысуды тапсырды.