Текст
2019 жылдың 6 наурызы күні Біржан сал ауданының Казгородок орта мектебінде "Адалдық дүкені" ашылды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - азаматтар арасында адал еңбек етуді насихаттау, олардың бойында адалдық құндылықтарын арттыру болып табылады. Аталған шараға арнайы келген Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Сабыров Ерсайын Теңдікұлы және білім бөлімінің басшысы Абдикенов Руслан Қазбекұлы Адалдық дүкенінің салтанатты ашылу лентасын қиды. Алдағы уақытта "Адалдық дүкені" ауданымыздың барлық мектептерінде ашылатын болады.