Ағымдағы жылдың 15-16 наурыз аралығында Көкшетау қаласында "IT мектеп - лицейі" КММ базасында робототехника және инновациялық идеялар бойынша "Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам" облыстық конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың бойында инженерлік дағдыларды қалыптастыру, білім беру робототехникасын және бағдарламалауды танымал ету, озық тәжірибемен алмасу, мектеп жасына дейінгі және колледж студенттері арасында мықты командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Облыстық шығармашылық байқауға Ақмола облысының 16 ауданы, Астана, Көкшетау және Степногорск қалаларынан қатысты.
"Білім бөлімі" ММ-нің робототехника бойынша іс-шараға қатысу үшін Макинка орта мектебі және Степняк қаласының № 1 орта мектебінің оқушылары жіберілді. Жас өнертапқыштар 4 номинация бойынша жарысты, олардың ішінде механикалық сумо, кегельринг, лини және лабиринт бойынша жүру. Турнир ойын-сауық түрінде және қызықты болды. Жарыстың қорытындысы бойынша Степняк қаласының № 1 орта мектебінің командасы, команда жетекшісі Қ. А. Сағынтаева және оның оқушылары облыс бойынша III-жүлделі орынға ие болып, дипломдармен, қола медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.