Текст
2019 жылдың 14 наурыз күні Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп гимназиясында, «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ - ЖАҢЫШЫЛ ҰСТАЗ» атты жас мамандар арасында Ақмола облысы Білім Басқармасымен ұйымдастырылып өткізілген конкурста Біржан сал ауданынан Донской орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сабырова Диана Аманжоловна қатысты. Конкурс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде жас ұстаздар өздерін таныстырды. Екінші кезеңде үздік сабақ берді. Конкурсқа әр ауданның 17 жас ұстазы қатысты. Сабырова Д.А. мадақтамамен марапатталды.