"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих ізімен

31.03.2019

2019 жылы 27 наурызда Көкшетау қаласындағы №2 мектеп лицейінің ғимаратында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Тарих ізімен» атты қазақ халқының ұлттық бұйымдар көрмесі өтті. Аталған көрмені облыстық оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастырды. 

1) Тоқыма бұйымдарды көркемдеп өңдеу;
2) Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: 
3) Металды көркемдеп өңдеу.

Аталымдары бойынша сарапқа салынған көрмеде Шәймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебінің оқушылары Біржан сал ауданының намысын қорғады. «Ұлы дала символы» тоқыма портретін дайындаған Қазбекова Мөлдір Қуатқызы (жетекшісі Асхар Еркегүл) және «Ертоқым» жасаған Қазбек Алмас Қуатұлы (жетекшісі Кусаинов Мейрамбек Зейнелғабиденұлы) Алғыс хатпен марапатталса, темірден "қалқан" жасаған Кошенбаев Мади Аманжолұлы жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Облыстық көрмеге шебер шәкірт баптағаны үшін Кусаинов Мейрамбек Зейнелғабиденұлы Ақмола облысы Білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Аудан тұрғындарын айтулы жеңіспен құттықтаймыз! Талабы мен шеберлігі бірге жетілген, жігерлі жастарымыз көп болсын!

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст