2019 жылы 9 сәуір күні Біржан сал ауданының Казгородок орта мектебінің қабырғасында Жемқорлыққа қарсы облыстық «Адал жол – честный путь» марафоны аясында «Жемқорлық – жастар көзімен» атты аудан ектептеріндегі «Адал ұрпақ» клубтары мүшелерінің арасында пікірталас өткізілді.
Шараның басты мақсаты: жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықсыз таза қоғам қалыптастыру жолында болашақ жастарды мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын ашық айтып үйренуге және тілдік дағдыларын жетілдіруге бағыттау. Сайыс барысында «Үкімет» пен «Оппозияция» болып екі топқа бөлінген оқушылар жемқорлық дегеніміз не? Оның қоғамға тигізер зияны, алдын алу шаралары бойынша өз ойларын ортаға салып, тұшымды пікір - сайыс ұйымдастыра білді. Аталған шараны Казгородок орта мектебінің тарих пәнінінің мұғалімі Сейтказин Данияр Тұрлыбекұлы жүргізіп отырды. Сайыс соңында үздік деп танылған Казгородок орта мектебінің командасы арнайы алғыс хатпен марапатталды.