"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қауіпсіз Интернет" республикалық акциясы

21.04.2019

Біржан сал ауданында "Қауіпсіз интернет" республикалық акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Балалардың, ата - аналар мен педагогтардың интернет-сауаттылығын арттыруды жүзеге асыру, тәрбие үдерісіне қатысушылардың хабардар болуын, қауіпсіз интернеттің принциптері мен баптаулары туралы, интернет желісінде әңгімелесушілерге жауапкершілік пен құрметтеуді  қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында іс-шаралар жоспары құрылды.. Жоспарға сәйкес, аудан мектептерінде оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында интернет-сауаттылықты арттыруға ықпал ететін бірқатар іс-шаралар өткізілді.

"Қауіпсіз интернет" акциясының басталуы барысында мектеп әкімшілігі барлық оқушыларға 4-17 сәуір аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Бастауыш буын сынып жетекшілерінің жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары үшін "балаларға балалық шақтан Қауіпсіз интернет қажет" атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Ал орта буын оқушылары үшін "Пайдалы және қауіпсіз интернет"атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Осы іс-шараларда оқушыларға интернеттің пайдасы мен зияны туралы, сайттардың, соның ішінде ойындардың қауіптілігі туралы түсіндірілді. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылды.

Мұғалімдер 5-9 сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру жөнінде әңгіме өткізді, іс - шарада "оқушылардың интернет-тәуелділігінің алдын алу" тақырыбы талқыланды. Мұғалімдер оқушыларға пайдалы сайттарды қалай дұрыс таңдау керектігін, интернетте қанша уақыт болу керектігін, тәуелді болмау үшін қандай шараларды сақтау керектігін айтты. Орта буын оқушылары интернет ресурстарына қатысты  барлық сұрақтарға жауап алды.

Мектепте ата-аналар қоғамдастығы үшін алдын алу бағыты мен интернет сауаттылықты арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ үй жағдайында интернет-ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы, ата-аналар үшін құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру, ата-аналармен кеңес беру жұмыстары жүргізілді..

"Қауіпсіз интернет" акциясы аясында ауданда мектеп оқушыларымен шығармашылық сипаттағы жұмыстарды ұйымдастыру болды.  Бұл "Қауіпсіз интернет", "Интернет-менің өмірімде"тақырыбына арналған плакаттар мен буклеттер конкурсы болды. "Қауіпсіз интернет" республикалық ақпараттық науқаны аясында өткізілген барлық іс - шаралар оқушылар, ата-аналар және педагогтар арасында интернет-сауаттылықты арттыру нәтижесі болды.

 

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст