Текст
2019 жылы 23 сәуір күні Көкшетау қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облысы ұйымының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында облыстық "Екі жұлдыз" байқауы өтті. Аталған байқауда ауданымыздың намысын қорғаған Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің мұғалімі Гүлмира Базарбайқызы мен 3 сынып оқушысы Аманжол Саяжан "Көрермен көзайымы" номинациясымен марапатталды.