2019 жылы 25 сәуір күні Біржан сал ауданының Бірсуат орта мектебінде оқушылардың бойына адалдық қасиетті, жақсы мінезбен, жауапкершілік сынды қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкені» ашылды. Ашылу рәсіміне Бірсуат ауылдық округінің маманы Садыкова Баян келіп, тілегін айтып, сәттілік тіледі. Бұл жерде оқушылар дүкенге өзі келіп, өзіне керек затты сатушының көмегінсіз өзі алып, өзі ақшасын адалдық кассаға салып кетеді. «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» демекші бұл тұрғыда оқушылардың шынайы түрде, өз адалдығымен көзге түсу арқылы бойындағы жақсы қасиеттерін әдетке айналдыруға үлкен көмегі тиеді деп сенеміз. Сонымен қатар бұл игі іс-шара балаларды жемқорлыққа қарсы мәдениетке үйретеді. Бүгіні мен болашағын адал жолмен жүруге үйретеді.