2019 жылы 25 сәуір күні Біржан сал ауданының Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде "Адалдық дүкені" ашылды. «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – оқушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады. «Адалдық –ардың ісі» .Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түседі. Салтанатты шарада мектеп директоры Алтай Нөгербекұлы құттықтау сөз сөйледі. Ауылдың ақ ажаулықты анасы Сартай әжеміз, қамқоролық кеңесінің төрағасы Ахметов Балташ Рамазанұлы, ата-аналар комитетінің төрайымы Қапажанова Майдаш Бағдатқызы, ауылдың бас имамы Шарипов Сейлхан Ғазезұлы, мәдениет үйінің жетекшісі Абдығалымов Бейсенбай Төкенұлы арнай шақырылған қонақтар қатарынан табылды. Келген қонақтар өздерінің ақ ниет тілектерін білдірді.Салтанатты ашу рәсімінде лентаны ауылдың бас имамы Сейлхан Ғазезұлы және Сартай әжеміз кесті. Сартай әжеміз шашу шашты.