Текст
2019 жылы 25 сәуір күні Біржан сал ауданының Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебінде "Адалдық дүкені" ашылды. «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – өскелең жас ұрпақты адалдыққа, шыншылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Аталған шараға арнай келген қонақтар аудандық "Білім бөлімінің" басшысы Әбдікенов Руслан Қазбекұлы және тәрбие жұмысының әдіскері Абуов Руслан Ғалымұлы құттықтау сөдерін айтып, бастау алып жатқан өнегелі іске сәттілік тіледі. "Балам абзал болсын десең , өзің адал бол!" -деп дана халқымыз айтқандай, өскелең ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі біздің міндетіміз.