2019 жылдың 24-26 сәуір аралығында Бурабай ауданы, Қатаркөл к. "Звездный" ДОЦ базасында Жас тарихшылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарының облыстық конкурсы өтті. Ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы "Тарих мұрасы"кіші жобасын іске асыру аясында оқушылар үшін өткізілді. Біздің ауданнан 2 оқушыдан құралған команда Макинка ОМ, жетекшісі Бейсембаева Кульнара Ораловна және Боровская Валерия Яблоновка НМ, жетекшісі Баймулдин Алижан Нариманович қатысты. Оқушылар: Боровская Валерия "Біржан сал ауданы Яблоновка ауылының жанындағы Сакралды ескерткіштер", Жасантегі Раббия "19 ғасырдың екінші жартысында 20 ғасырдың басы Ақмола облысының білім жүйесі"тақырыбындағы жұмыстарды қорғады. Біздің ауданның оқушылары жүлделі орындарға ие болды: Жасантегі Раббия "мектеп мұражайы" номинациясында 2 - орын, Боровская Валерия "Археология"номинациясында 3-орын. Барлық зерттеу жұмыстары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Конкурсқа қатысушыларға неолит дәуіріндегі "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық мұражайға бару мүмкіндігі ұсынылды. Оқушыларды, жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта табыс тілейміз!