2019 жылы 26 сәуір күні Біржан сал ауданының Еңбекшілдер орта мектебінде «Адалдық дүкені» ашылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі, "Адалдық дүкенін» ашу. «Адалдық дүкеннің» ашылуына 1- 11 сынып оқушылары, оның ішінде Адал ұрпақ еріктілер клубының мүшелері, "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері, Рухты жастар командасының мүшелері қатысты. Бұл дүкенде оқушылар, ұстаздар, өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға тікелей әсер етеді. «Жобаның басты мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушылар арасында өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру». «Адалдық дүкенін» ашу рәсімінде Кшенова Үміт Мухамедиевна құттықтау сөз сөйлеп, ашылу лентасын қиды. Дүкенге қойылған барлық заттарды қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нурмагамбетов Дихан Габиденұлының демеушілік көмегімен ұйымдастырылды.