2019 жылы 29 сәуір күні Біржан сал ауданының Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде "Адалдық дүкені" ашылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі, "Адалдық дүкенін» ашу бастамасы. "Адалдық дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылады.
Адалдық дүкенінің ашылуына арнайы келген аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысының әдіскері Абуов Руслан Ғалымұлы құттықтау сөзінде жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз екенін атап өтті. Дүкеннің лентасын Руслан Ғалымұлы мен мектеп директоры Нұрбек Аманжолұлы қиып, алғашқы сауданы өздері жасап, қаламсап сатып алды. Осындай ізгі шаралар алдағы уақыттарда ауданымыздың басқа мектептерінде де жалғасын табады деген сенімдеміз.