2019 жылы 04 мамыр күні Біржан сал ауданының Донской орта мектебінде «Адалдық дүкені» ашылды. Аталған дүкеннің ашылу салтанатына Біржан сал ауданы Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Есимсеитова Рысты Айтмағанбетқызы, тәрбие жұмысының әдіскері Абуов Руслан Ғалымұлы, әдіскер Натиев Алибек Сағындықұлы және Донской ауылдық округінің әкімі Аубакиров Жұмабек Рахымғалиұлы қатысты. «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты оқушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады. Яғни, кез келген оқушы сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған жәшікке салады. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған оқушы өзін адалдыққа тәрбиелейді.