Текст
2019 жылы 16 мамыр күні "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру және "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының "Отбасы әлемі" жобасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының отбасылық қарым - қатынас клубтарының жұмысын насихаттауға арналған "Үздік отбасылық қарым -қатынас клубы" тақырыбында облыстық конкурс өтті. Аталған конкурста Біржан сал ауданының намысын қорғаған Казгородок орта мектебі жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлап, облыстық білім басқармасының ІІ дәрежелі дипломымен және 50000 теңге қаржылай сертификатпен марапатталды. Аудан тұрғындарын аталған жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!