Текст
2019 жылы 16-17 мамыр күндері Көкшетау қаласында Ақмола облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Үздік педагог-2019" байқауында Біржан сал ауданының намысын қорғаған Бұланды орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Идрисова Асемгүл Рашитовна 131 ұпай жинап алғашқы ондықтың қатарынан көрініп, білім басқармасының грамотасымен және облыстық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлығымен марапатталды. Еліміздің болашағы жастарымызға білім берер ұстаздарымыздың алар асуы биік болсын!