"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Амангелды ОМ "дүкен Адалдық" ашылды

27.05.2019

Қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Біржан сал ауданының Амангелді орта мектебінде 2019 жылдың мамырдың 21- күні "Адалдық дүкені" ашылды. Адалдық- ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылық. Олай болса «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты оқушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады. Яғни, кез келген оқушы сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған жәшікке салады. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған оқушы өзін адалдыққа тәрбиелейді. Аталған шараның ашылу салтанатына ауыл әкімі Жакупова Амина Маликовна қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Адалдық дүкенінің» ашылу лентасын қию рәсімі Амина Маликовна және мектеп директоры Нурлан Кадырбековичке берілді. Салтанатты рәсім ән шашумен басталып, лента қиғаннан кейін бимен жалғасын тапты. Оқушылардың бойында адалдық, парасаттылық және өзін-өзі дамытуға, адами қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған "адалдық дүкендері" табысты жұмыс жасайтынына сенеміз. Ең алғашқы «сатып алушылар» мектеп оқушылары «Адалдық алаңына» шақырылды.

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст