2019 жылы 25 мамыр күні Біржан сал ауданының Совет негізгі мектебінде Адалдық дүкені ашылды. Ашылу барысында мектеп директоры Балгүл Қуандыққызы оқушыларға "Адалдық дүкеннің" мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті. Дүкеннің ашылу лентасын ақжаулықты алтын және күміс медаль иегері көп балалы ана Айымхан Даривхан апамызға бұйырды. "Адалдық дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Мұнда оқытушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болатындығы түсіндірілді. Мұндай дүкендерді енгізу оқушыларға жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға тікелей әсер етеді деген сенімдеміз.