2019 жылы 1 маусым күні Біржан сал ауданында аудандық "Білім бөлімінің" ұйымдастыруымен Балаларды қорғау күні атап өтілді. Бұл мереке барлық бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке. Сондықтан да, бұл мерекені тойлаудан еш бала шет қалмауы тиіс. Степняк қаласының орталық көшесінде Халықаралық балалар күніне арналған балалар мен жасөспірімдердің музыкалық ансамбльдер шеруі өтті. Қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың әртүрлілігі, жұмыстарды ұйымдастыру ерекшелігі, музыкалық қозғалыстар, аспаптарда ойнау, музыкалық ұжымның формасы балалық шақ мерекесін ең жарқын және ұмытылмас шоулардың бірі етіп жасады. Шеруге Біржан сал атындағы балалар музыкалық мектебі, директорлар басқаруымен ауданның барлық мектептері қатысты. Шарада сөз алған аудан әкімі Нұғыманов Ермек Бекенұлы балаларға ізгі тілегін білдірді. Жалпы алғанда бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында болуы тиіс екендігіне тоқталып өтті. Мереке көркі одан ары əн-бимен қыза түсті. Барлық кішкентай бүлдіршіндердің назарына көңілді бағдарламалар ұсынылды. Бұл күні өз өнерімен топ жарып жүрген балалар алғыс хаттармен мадақталды. Мерекелік шараға қатысқан əр балаға тəтті балмұздақтар үлестіріліп, мейрамға орайластырылған сауда-саттық та мерекенің сəнін келтірді.