Текст
2019 жылы 3-5 маусым күндері Бурабай ауданының "Звездный" сауықтыру орталығында Ақмола облысы жол қозғалысы жас инспекторларының ХІХ облыстық слеті болып өтті. Аталған байқауда ауданымыздың намысын қорғаған Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің "Радар" отряды белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталса, отряд мүшесі Назарбек Бекзат "Үздік велосипедші" номинациясын жеңіп алды. Отряд жетекшілері Еркен Сайранұлы мен Айжан Керейбаева Ақмола облысы білім басқармасының және Ақмола облысы полиция департаментінің Алғыс хатымен марапатталды. Аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!