"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

25.06.2019

"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" ұлттық ақпараттық науқаны аясында ауданның білім беру ұйымдарында іс-шаралар жоспары құрылды. Мақсаты – балалар еңбегінің мәселелерін жариялау, балалар еңбегін пайдалану туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру, барлық елдерде орын алған қозғалысқа балалар еңбегіне тыйым салу және оның ең нашар формаларына назар аудару. 
Балалар еңбегі өте күрделі мәселе болып табылады және бүкіл әлемде балалар құқықтарын пайдалану мен бұзуды сипаттайтын ең маңызды фактор ретінде танылған. Онкүндік барысында рейдтік іс-шаралар өткізіліп, есепте тұрған отбасыларының ЖБҚ актілері жасалды. Рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бала еңбегін пайдалануға тыйым салу туралы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Мұндай мамандар мен лауазымдардың атаулары жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесімен көзделеді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182 ө бұйрығымен бекітілген).
Мектеп психологтары 5-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізді, оның қорытындысы бойынша бала еңбегін пайдалану фактілері анықталған жоқ. Сонымен қатар "сен өз құқығыңды білесің бе?" атты әңгіме өткізілді. "Мен және еңбек" асфальтта сурет салу конкурсы ұмытылмас әсер қалдырды. Мектеп оқушылары "Менің бақытты балалық шағымым"тақырыбына коллаж жасады. 8-10 сынып оқушылары арасында "Жасөспірім және Заң" атты дөңгелек үстел өтті. Балалар еңбегін пайдалану туралы бейнероликтер көрсетілді. Мектеп кітапханасында балалардың құқықтары мен мүдделерін реттейтін заңнамалық актілер, нормативтік құжаттар тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст