Текст
14 маусым күні 1 мектеп оқушылары "Өмірді таңда" акциясын өткізді. Аталған іс – шара ең алдымен халықты есірткіні тұтынудың зияны туралы хабардар етуге, салауатты өмір салтын және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Балалар ақпараттық буклеттер таратты,ал вожатыйлар қала тұрғындарына есірткі заттарын қолданудың салдары туралы айтты. Акцияға 10 бала және 50-ден астам қала тұрғыны қатысты.