Текст
2019 жылы 17 маусым күні Біржан сал ауданының Алға негізгі мектебінің ұстаздары мен оқушылары «Рухани жаңғыру» аясында "Өлкетану" бағыты бойынша Бурабай куроттық аймағына саяхатқа барып келді. Мұражайда Бурабайдың табиғаты жайлы мағлұматтарды тереңірек білді. Саяхат барысында Абылайхан алаңын тамашалап, тарих беттеріне үңілді. Оқушыларымыздың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлаған жазғы демалыстың бір күнін мағыналы өткізіп, үйлеріне сергіп қана қоймай, Бурабай жерлерін тамашалап, қызықтап, еліміздің тарихынан әсермен қайтқаны бізді де қунтады.