Текст
2019 жылы 22 маусым күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өлкетану" бағыты бойынша Біржан сал ауданының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Жөкей ауылының аймағындағы ерекше жерлерге туристік саяхат жасалды. Аталған шараға ауданымыздың мектеп оқушылары мен "NOMAD" туристік үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушы топтар бірінші тапсырмада азимут бойынша берілген өлшемдермен жұмыс жасаса, екінші тапсырмада ауданымыздың картасы бойынша жұмыстар жүргізді. Алдағы уақытта басқа да елді мекендерге туристік саяхаттау жұмысы жалғасын табатын болады.