Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек-білім күні мерекесінде Біржан сал ауданының мектептерінде мерекелік жиындар өтті. Салтанатты жиынды мектеп директорлары ашып, ұстаздар мен оқушыларға жаңа бастамалар тіледі. Жиын жоспарға сай мұғалімдер мен оқушылардың, ата – аналар мен келген қонақтардың жағымды пікірлерімен, алғыстарына толы болды. Білім күні мерекесі өз салтанатымен жиылған қауымның есінде қалатындай әсер қалдырды. Абай атындағы қазақ орта мектебіне арнайы барған аудан әкімі Нұғыманов Ермек Бекенұлы мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерді құттықтап, ұстаздар қауымына жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында! - деп, Елбасының өзі айтқандай, Еліміздің тізгінін ұстар, білімді жастарымыз көп болсын!