Текст
1 маусым «Балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік іс-шара аудандық алаңда өткізілді. Мерекені аудан әкімі Д.Есжанов құттықтау сөзімен ашып, облыстық жарыстармен байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады. «Бар мейіріміміз балаларға» атты бағдарламаның ішінде: концерт, спорттық ойындар, отбасылық жарыстар,батут, аниматорлық шоу болды. Балаларға тегін балмұздақ пен шарлар таратылды. Аудан бойынша барлық білім беру орындарының оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қолпаштауына ие болды. Мерекелік іс-шара қызықты, әрі көңілді өтті.