Текст
2019 жыдың 18-22 қыркүйек күндері аралығында Көкшетау қаласында мектеп оқушылары арасында бұқаралық , әскери -қолданбалы және ұлттық спорт түрлерінен "Birinshi Jastar Oiyndary" өтті. Аталған ойында спорттың волейбол түрі бойынша ауданымыздың намысын қорғаған оқушыларымыз жүлделі І орынды жеңіп алып, табыспен оралды. Біржан сал ауданының жеңімпаз оқушы қыздары алдағы уақытта Ақмола облысының намысын Республикалық ойындарда қорғайтын болады. Біз осындай оқушыларымызды мақтан тұтамыз!