Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында 2019 жылы 27 қыркүйек күні Біржан сал ауданының Краснофлот негізгі мектебінде «Адал ұрпақ» жобасы бойынша «Адалдық дүкені» ашылды. «Адалдық дүкені» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Мұнда оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Ашылу салтанатына арнайы келген ауыл әкімі Ташимов Ақылбек Капышұлы құттықтау сөз сөлеп, дүкеннің ашылу лентасын қиды. Мектеп оқушыларының қуанышында шек болмады.