2022 жылдың 27 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде "Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында педагог қызметкерлердің тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті. Тамыз конференциясының жұмысына білім бөлімінің басшысы А. Т. Акшалова, білім беру ұйымдарының директорлары, педагогтар қатысты. Дәстүр бойынша тамыз кеңесі басталар алдында қонақтар АМҮ дайындаған ауданның білім беру мекемелерінің жетістіктері көрмесімен танысты. Конференция қатысушыларына білім бөлімінің басшысы А. Т. Акшалова құттықтау сөз сөйледі. Баяндама барысында ол барлығын өткен оқу жылының қорытындыларымен таныстырып, жаңа оқу жылына жұмыстың басым бағыттарын анықтады. Конференция жұмысы аясында мектеп директорлары мен педагогтардың баяндамалары тыңдалды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында мектеп директорлары мен педагогтар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.