Текст
Конкурс педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыру және шығармашылық әлеуетін барынша толық жүзеге асыру, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру жүйесіндегі практикалық психология қызметінің беделін арттыру мақсатында өткізілді. Конкурстың негізгі міндеті: дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби құзыреттіліктерін оңтайлы меңгерген педагог-психологтарды анықтау. Облыстық конкурсқа облыстық білім беру ұйымдарының 18 педагог-психологы қатысты. Аталған байқауда бағын сынаған Біржан Сал ауданы, Степняк қаласы №1 орта мектебінің педагог-психологы Крыкбесова Алмагуль Сериковна жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Аталған жеңіспен Біржан сал ауданы тұрғындары атынан шын жүректен құттықтаймыз!!!